Алматы облысында ер адам көшенің қақ ортасында әйелді жіппен қылқындырмақ болған
Алматы облысындағы Шамалған ауылында ер адам көшеде әйелді арқанмен қылқындырмақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 6 маусым күні Қарасай ауданы Шамалған ауылында болған. Белгісіз ер адамның әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кадрдан көшеде өз жолымен келе жатқан әйелге ер адам жақындағанын көруге болады. Бір кезде ол әйелге тап беріп, тұншықтырмақ болады. Десе де әйел қарсылық көрсетіп, босап шығып, қашып құтылады. Әйелдің айқайын куәгерлер естіген. Алайда күдікті оқиға орнынан қашып кеткен.

Жарақат алған әйелдің туыстарының айтуынша, бейнежазба болғанына қарамастан полиция күдіктіні әлі таппаған. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктіге іздеу жарияланған.
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда