Талдықорғанда үш жастағы науқас қызын сабап тастаған әке сотталды
Талдықорғанда небәрі 3 жастағы қызын соққыға жыққан әкеге қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Жетінші арнаға” сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға ақпан айында болған. Өз әкесі ұрып, денесінде сау тамтығы қалмаған бүлдіршін дереу облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балақай әлі де дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Белгілі болғандай, кішкентай қыз бұған дейін ауыр сырқатпен күресіп, Түркияда бауырына операция жасалған. Ашуға мінген ер адам сол күні өзінің әйелін де соққыға жыққан. Күдікті өзінің тұрғылықты мекенжайынан мас күйде табылған.

Ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалып, туғандарына қатыгездік танытқаны үшін сот үкім кесті.
“Оқиғаға байланысты азаптау және ұрып-соғу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Тергеу қорытындысы бойынша қылмыстық іс айыптау актісімен бірге сотқа жолданды. Талдықорған қалалық сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды”, – деп мәлімдеді Жетісу облысы полиция басқармасының ресми өкілі Жанар Қалықова.
Еске салсақ, Қостанай облысында анасына араша түскен 15 жастағы жасөспірім мерт болғанын жазғанбыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"