Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрсын Алагөзов мерекеге орай Баян Мақсатқызына қымбат көлік сыйлады (видео)

Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызына ерекше сый жасады. Кәсіпкер 8 Наурыз мерекесіне орай жарына тұлпар тарту етті. 

Баян Мақсатқызы көлікті болды. Продюсер мерекеден соң жолдасынан сыйлық алып қуанды. 

“Аздап кешігіп сый жасағым келіп тұр. Бірақ ештен кеш жақсы деген. Гүл мен көлік. Бұрын қара көлікпен жүретін едің. Енді ақ көлікпен жүресің”, – деді Алагөзов.

Кәсіпкер тарту еткен көліктің құны 40 миллион теңге шамасында. Продюсер қуанышын жасыра алмай, көпшілікпен қуанышын бөлісті. 

“Кейде күйеуіңе ұзақ ренжіп жүрудің де пайдасы бар”, – деді ол.

Желі қолданушылар құтты болсын айтып, жұғысты болсын деп тіледі.

“Тіпті қайда қарарымды білмей тұрмын, көлікке ме, белдемшеге ме? Құттықтаймын, жаным”, – деді Динара Сәтжан.

“Бәрінің күйеулері олай кешірім сұрай бермейді”, “Қандай күшті, құтты болсын”, “Кешірім алу үшін көлік сыйлады ма, не деген бақытты жандар”, “Мен ата-анама көлік сыйлағым келеді”, “Құтты болсын! Маған алғандай қуанып отырмын”, “Бізге жұғысты болсын”, “Осындай азамат жолықса екен”, – деп жазды өзге желі қолданушылары. 


Талқылау