Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Тұрмыс құрғым келмеді”: Сая Оразғалиева сүйіктісі өзіне ұсыныс айтқанда не себепті ренжулі болғанын түсіндірді 

Сая Оразғалиева сүйіктісімен арақатынасы жайлы айтты. Желі қолданушылары байқағандай, ол өзіне ұсыныс айтқан уақытта көңілсіздік танытқан. Мұны актрисаның өзі түсіндірді. 

Актриса ренішін сырт көзден жасыруды білмейтінін мойындады. Сондықтан ол бәрі ойдағыдай өтіп, жанкүйерлер күтіп тұрса да, маңызды сәттің видеосын әлеуметтік желіде жарияламаған.

Желідегі оқырманы одан мұндай шешімнің себептерін сұрады.

"Екеуміз ұрысып қалған едік, менің ішімде мина жарылардай болып тұрды. Тіпті мүлдем тұрмыс құрғым келмейтін күйде едім", –  деп жауап берді Сая.

"Мен ренішімді жасыра алмайтын адаммын. Оны түрімнен-ақ көріп тұрған шығарсыздар", –  деп қосты ол.

“Бастысы, бақытты болыңыздар”, “Басы қатты болса, арты тәтті болады”, “Сондай жарасымды жұп”, “Сізді жақсы көреміз”, “Мен ешнәрсе байқамадым”, “Өзіңіздің мінезіңіз солай секілді”, – деп жазды желідегілер. 

Айта кетейік, актриса бір жыл бұрын қалыңдық атанды. Сүйіктісі актрисаға ерекше ұсыныс жасап, сөз салды. Бұл сәтке Саяның жақындары мен достары куә болды. Жақында екінші сәбиін өмірге әкелді.


Бірінші кездесуде ұнамады: Сая Оразғалиева алғаш рет жолдасы туралы айтты

Талқылау