Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Актриса Сая Оразғалиеваға сүйіктісі ерекше ұсыныс жасады (видео)

Актриса Сая Оразғалиева қалыңдық атанды. Сүйіктісі актрисаға ерекше ұсыныс жасап, сөз салды. Бұл сәтке Саяның жақындары мен достары куә болды. 

Сая Оразғалиева екінші рет тұрмыс құрмақ. Айта кетейік, актрисаның бірінші некесінен туған бір ұлы бар. 

Ілияс Иминов есімді азамат Сая Оразғалиева сөз салып, ұсынысын айтты. Сүйіктісін қымбат мейрамханаға шақырды. Жол бойын гүл шоқтарымен көмкерді. Скрипка шеберлері бұл сәтті әсем әуенмен әсемдете түсті. 

Күйеу жігіт ақ параққа жазылған жан сырын ақтара бастады. Сая тұрмысқа шығуға келісімін берген соң, сақинасын тағып, кешті жалғастырды. 

Достары ақ тілегін арнап, құттықтасып жатыр. Желі қолданушыларының бірі тізерлеп сөз айтқан жігітке сын айтты.

"Оооо бағың жансын, Сая!", "Құтты болсын Сая қалқам, бағың баянды болсын! Тек қана күйеу баланың тізерлеп ұсыныс жасағаны ұнамады, қазағым əйел түгілі ханның алдында олай тізе бүкпейді ғой, əй сонша кішірейіп не болды", "Сая жақсы қыз бақытты болсын", "Қазақтарға тізе бүккен жараспайды", "Тізерлеген жігітке шығу да қорқынышты", "Біреудің отбасын бұзбаған болса болды, бақытты болсын", "Осы жігітке тастай батып судай сің, Алламыз бағынды ашсын", - деп жазды көпшілік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр