Тұрғындардың қозғалысы шектеледі: Батыс Қазақстанда карантин қатаңдатылды
Батыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері аймақтағы карантиндік шаралар туралы қаулыға өзгеріс енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Көрсетілген уақытта жүріп-тұру қажет болған жағдайларда: облыс тұрғындарының шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге, дәріханаларда дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында жеке автокөлікпен шығуы, сондай-ақ түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдар "109" телефоны бойынша өтінім қалдыруы немесе STOPCOVID.KZ сайтында тіркелуі қажет.
Оқушылар саны 300-ге дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын қалалық және ауылдық мектептерде дәстүрлі форматта оқитын болады;
- білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға рұқсат етіледі;
- ата-аналардың өтініші бойынша, сыныптардағы балалар саны 15 адамнан аспайтын мектепалды сыныптардың оқушылары үшін жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5-сыныпты қоса алғанда, халықаралық мектептерде 1-ден 7-сыныпты қоса алғанда, аралас форматта оқытуға рұқсат етіледі;
- бітіру сыныптары (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас форматта оқыту: пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан (сыныпта 15 адамнан аспайды, "1-сынып - 1-кабинет" қағидаты бойынша оқыту, санитариялық-дезинфекциялық және маскалық режимдерді сақтау);";
- техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 1 курс студенттері практикалық және зертханалық сабақтарды қоспағанда, санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, қашықтан оқыту форматына көшірілсін.
Бұдан бөлек, сауда үйлері мен орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін, сенбі күндері сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде жұмыс істемейді.
Азық-түлік емес тауарлардың барлық түрлерін сататын дүкендер жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жексенбіде жұмыс істемейді.
Азық-түлік дүкендері (оның ішінде минимаркеттер, алкомаркеттер, сыра дүкендері) сағат 8:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді (тамақ өнімдері, көкөністер мен жемістерді қоспағанда, тек орама түрінде сатылуы керек).
Қаулы осы жылдың 9 сәуірінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжаттың толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді