Тұрақты жұмысы бар адамның осынша интернетті қолдануға уақыты жоқ – Цифрлық даму министрі
Цифрлық даму министрі қазақстандықтар интернетте тым көп уақыт өткізеді деп шамданды. Айтуынша, тұрақты жұмыс істейтін азаматтың интернет-трафикті пайдалануға уақыты болмауы керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министр операторлар неге белгілі бір интернет-платформаларға лимитсіз тарифты алып тастағанын айтты.
Оның айтуынша, ұялы байланыс компаниялары тарифтік саясатты дербес анықтайды. Ол әлеуметтік желілерге "лимитсіз" тарифтың жоюды қолдамаса да, қазақстандықтарға әлеуметтік желіде ұзақ отырмауға кеңес берді. Тек осылай ғана тарифті бір айға жеткізуге болады дейді.
Министрдің пікірінше, интернет гигиенасына саналы түрде қарау керек, өйткені әлеуметтік желілерді ойланбастан пайдалану адамдарға зиян тигізуі мүмкін.
“Гигабайт – бұл өте үлкен көлем, ал 25 гигабайтқа әлеуметтік желілерде отыруды пайдалы іс деп айта алмаймыз. Әлеуметтік желінің өз пайдасы болғанымен, зиянды да көп. Сегіз сағат жұмыс істейтін, еңбек ететін елдің қарапайым тұрғыны интернетті көп тұтынбайды”, – деді Бағдат Мусин.