Тянь-Шань тауларында қалып қойған альпинистерді құтқару операциясы: Сағынтаев мән-жайын айтты
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Тянь-Шань тауларында қар құрсауында қалып қойған альпинистерді құтқару операциясының мән-жайымен бөлісті. Оның сөзінше, ІІМ іздестіру-құтқару жұмыстарын бастап кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сағынтаевтың айтуынша, құтқару тікұшағы мен тауда жаяу іздестіру-құтқару тобы Хан-Тәңірі тауынан іздестіру орнына бағыт алған.
«Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram желісінде.
Еске сала кетсек, бұған дейін алматылық екі альпинистің Қырғызстанда Тянь-Шань тауларында қар құрсауында қалып қойғанын хабарлаған едік. Олардың туыстары іздестіруге көмек сұрады.
"18 жыл бойы несиесін өзім төледім": Ақтөбеде 72 жастағы зейнеткер жалғыз ұлымен үйді бөлісе алмай жүр
Несие біткен кезде ұлы үйді әйелінің атына аударып алған
Түркістандық кәсіпкер жоғары лауазымды полиция қызметкерлерін өз компаниясына тиесілі жүк көлігін ұрлады деп айыптады
Жәбірленушінің сөзінше, екі жол полицейі жүкті айыппұл тұрағына өздері қойған