Түскі асқа пицца алуға шыққан әйел ойламаған жерден байлыққа кенелді
Американың Оңтүстік Каролина штатының Суонси қаласының тұрғыны отбасылық түскі асқа пицца әкелу үшін дүкенге барып, ойламаған жерден лотерея билетін сатып алып, байлыққа кенелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі UPI порталына сілтеме жасап.

Әйел пицца сатып алғаннан кейін жанармай құю бекетіне тоқтап, әрқайсысы екі доллар тұратын лезде ойнатылатын лотерея билеттерін сатып алған.
Ол лотереяны сирек ойнайтынын атап өтті. Билеттегі қорғаныс қабатын өшіруді және тексеруді ол түскі асқа дейін күткен. Әйел пиццаға бару шешімі оған байлық әкелетінін мүлде ойламаған. Осылайша ол 50 мың доллар ұтып алды.
"Мен бұған сене алмадым. Тіпті отбасым мен жақындарым да сенбеді", - деп мойындады ол.
Әйел ұтысын болашаққа арнап жинап қоюды шешкен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар