Ер азамат бес күнде лотереядан екі мәрте джекпот ұтқан
АҚШ-тағы Небраска штаты Линкольн қаласының тұрғыны екі рет араға бес күн салып 21 000 доллар джекпот жеңіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Upi порталына сілтеме жасап.

Сурет: Upi.com
Сергей Настин лотерея билетін сатып алып, 20 мың доллар жүлдеге ие болды. Дәл сол аптада ол лотереяның тағы бір билетін сатып алып, мың доллар ұтып алды.
Жүлделерін алу үшін ер адам лотерея штабына бір аптада екі рет барған.
Ер адам түсінде көрген сандарды пайдаланып, лотереядан 250 мың доллар ұтып алды
Настин жеңген қаржыны шоттарды төлеуге жұмсайтынын атап өтті. Ал ұтыстың бір бөлігін ойын-сауыққа, соның ішінде гидроцикл айдауға жоспарлағанын көрсетті.
Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та лотереядан 1,34 миллиард доллар ұтып алған азамат ақшаны алуға келмегені жайлы айтылған еді.
Алматыдағы жол жөндеуге кім жауапты: Мердігер компаниялар қанша миллиард теңгеге келісімшарт жасаған
Жол жөндеу жұмыстарын 5 компания жүргізіп жатыр
Бір жыл бұрын салынады делінген 3,5 миллиард теңгелік футбол академиясының құрылысы әлі басталмаған: Тараз әкімдігі себебін түсіндірді
Әкімдік: "Оның құрылысына дайындық, жобалау, сараптамадан өткізу және құрылыс жұмыстарын бастау секілді әрбір кезең белгіленген тәртіп пен мерзім қажет"