"Түскенде пневмонияның белгілері анық болған жоқ": Қарағандыда диагноз қоя алмаған дәрігерлердің салдарынан 11-айлық бүлдіршін шетінеп кетті

Бір жасқа санаулы күндер жетпей ауруханада көз жұмған 11 айлық Нұрайымның өліміне ата-анасы дәрігерлерді кінәлайды. Бір емес, үш мәрте аурухананың көмегіне жүгінген отбасы ақ халаттылар баласының өміріне араша бола алмады деп қынжылады.

1-ші тамыз күні құсық пен іші өту белгілері болған Нұрайым Мұқаттың анасы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ішек инфекциясы деген диагнозбен түседі. 7-сі күні  сауығып шыққан бала екі күннен кейін дәл осы ауруханаға жатқызылады. Дәл осы уақытта анасы үш айлық баласын түсіріп алып, ауруханаға жатқызылған. 

Екінші рет дәрігерлер аталған ауруға система мен және Цеф-3 антибиотигін еккен. Анасы Құралай Кәрімтаеваның айтуынша, бала ауруханаға түскеннен рентген сараптамасы жасалынбаған. Тек таныстар іздеп, ортаға адам салғаннан кейін ғана баланың өкпесі түсірілген.


«11-нші күні біз екінші рет түскен де ғана рентгенге түсірді. Бронхит деген қорытынды шығарып, тағы да Цеф – 3 дәрісін екті. Алдыңғы бір апталық ем қабылдағанда да дәл осы дәріні берген болатын. Қатты дәрі болғандықтан, жоқ дегенде 7 күн егу керек. Олар менің балама 20 күн салып шықты. 26 күні баланы жақсы деп бізді ауруханадан шығарды» - дейді қайғырған ана.

Арада он күн уақыт өткен соң баланың ыстығы көтеріліп, қайтадан жедел жәрдем шақырған. Бұл жолы Нұрайымда ангина деген диагноз қойылған. Үшінші рет ауруханаға жүгінген жас ана баласына басқа дәрі салуын өтінген.

 

 

«Мен айттым басқа дәрі ауыстырыңыздар. Біз бұл Цеф-з-ді алғанбыз деп. Алайда, «сіздерде суық бар» деген дәрігер керісінше дәрінің мөлшерін ұлғайтты. Бірақ температура түспеді. Рентгенге түсіруін де өтіндім. Бұл жолы оны маған жасамады. Халы нашарлағанда рентгенге түсіріп, жансақтау бөліміне алып кетті. Сол кезде екі жақты пневмония деп диагноз қойды", - дейді анасы.

Баланың ауруы асқынып кеткенін жансақтау бөлімінің дәрігерлері де білген. Баласынан айырылып қалған анаға «дәрігерлердің кінәсі – бізге кешіріктіріп алып келген» деген.

Аталған фактіге байланысты облыстық аурулар ауруханасы директоры жас маманның емдеу жұмыстарын жүргізгенін мойындады. Алайда, анасы айтқандай емес, бірінші түскенде рентген сараптамасын жасаған деп ақталды.


«Бірінші рет түскенде рентгенге түсірдік. Бронхит диагнозын қойдық. Ал соңғы рет, яғни үшінші рет түскенде балада ангина болды. Баланы емдеген биыл келген жас маман. Ол бөлім меңгерушісінің қадағалауымен ем-шараларын жүргізді. Бірақ бала іріңді ангина диагнозымен түсті. Дегенімен, уақыт өткеннен кейін біз барлығымыз пневмония сол кезде басталғанын түсінеміз. Түскенде пневмонияның белгілері анық болған жоқ. Дәрігерлер дене қызуының көтерілуін іріңді ангинамен байланыстырды. Рентгенге түсіру үшін ешқандай көрсеткіштер болған жоқ», - деген Гүлмира Бекзатова қазіргі таңда тексерістер жүріп жатқанын және 11-нші қазаннан кейін сараптама қорытындысы болатынын алға тартты.

Ал Нұрайым Мақаттың ата-анасы кінәлі адамдарды жазалауға барын салып жатыр. Тіпті прокуратураға да арыз-шағымдарын жіберген.

Айта кетейік, 2018 жылдың 3 қаңтар айында дәл осы ауруханада үш жасар Айзере Қақарманова да көз жұмған болатын. Жансақтау бөлімінде жан тапсырған бөбектің ісі бүгінде тоқтатылған. Себебі, өлімге қатысты тергеудің себебі анықталмаған көрінеді.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шұғыла Сапарғалиқызы: Қазақстанда тұрғанша, Үрімжіге барғаным артық деп ойладым

Биші отанына келгендегі алғашқы әсерін бөлісті

"Сұлуын-ай": Нұрболат Абдуллин алғаш рет жұбайын көрсетті

Желі қолданушылары әншінің жарының сұлулығына тамсануда

Ең пайдалы жаңғақ түрлері белгілі болды

Жаңғақтардың қандай ауруларға ем екені белгілі болды

Бес көлікпен соқтығысып, ұйықтап қалған: Қарағандылық жүргізуші тұтқындалды

Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды

Білім және ғылым министрі: Тазабек мектептерде дәріс оқымауы керек

Асхат Аймағамбетов журналистердің сұрағына жауап берді

Алматы облысында ер адам өрт кезінде әйелі мен балаларын құтқарамын деп көз жұмды

Оның үлкен ұлы да өрттің құрбаны болды

Смартфондардың тез қартаюға әсер ететіні белгілі болды

Гаджет экраны көздің тор қабығы мен ми жасушаларына зақым келтіреді

Іші де шықпаған: Әйел жүкті екенін білген күні босанып қалды

Ол асқазаны ауырғаны үшін дәрігерге барып, жүкті екенін білген

"Зәулім үйі мен көлігі бар": Қарағандыда әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасы анықталды

8 баласы бар отбасы 100 шаршы метрдегі үйде тұрып жатыр

"Әлі де кемшіліктер бар": Тоқаев латын әліпбиіне көшу туралы

Президент: Тіл мамандары әліпбиді жетілдіруі керек
Çàãðóçêà...