Түрмедегі күйеуіне "VIP" жағдай жасағысы келген: Шымкенттік әйелге 3 млн теңге айыппұл салынды
2020 жылы тергеу изоляторының басшысына пара бермек болған әйелге 3 миллион теңге айыппұл салынды. Ол түрмеде отырған күйеуіне "VIP" жағдай жасау үшін 1 500 доллар бермек болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Otyrar” сайтына сілтеме жасап.

Басшы ұсынылған ақшаны алмаған, ал пара берушіні заң қызметкерлері қолға түсірген. Әйел ақшаны конвертке мұқият салған және күдік туғызбау үшін купюраларды кітапқа жасырып қойған.
Бұл жағдай 2020 жылы болған, қазіргі уақытта қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты деп жазады атаулы сайт.
Шымкент қаласы ІІД бастығының орынбасары Бағдат Асылбековтың айтуынша, жағдайын жасағысы келген сотталушының мерзіміне тағы екі жыл қосылған – енді ол 11 емес 13 жыл жазасын өтейтін болады.
Қылмысқа араласушыға сот 3 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарған.
Ақтөбеде мешіт қызметкері намаз оқуға келген екі жасөспірімді аяусыз ұрып-соққан
38 жастағы ер адам 15 жастағы жасөспірімді ұрған
Дәрігерден медбикеге дейін ақша сұрайды: Қазақстандық келіншектер перзентханадағы былықтарды ашты
Пікір қалдырғандардың басым бөлігі кейбір перзентханаларда көрімдік сұрау қалыпты жағдайға айналып кеткенін айтты