Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түрме қызметкері мен тұтқынның махаббаты: сүйіктісін қорғаған әйел абақтыға қамалды

Ұлыбританияда абақтыдағы ер жігітке ғашық болған түрме қызметкері қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Liverpool Echo басылымына сілтеме жасап.

Хлоя Джонс

Сурет: Merseyside Police

Ұлыбританияда түрме қызметкері Хлоя Джонс ұрлықпен сотталған Филип Кингпен көңіл жарастырамын деп, нәтижесінде сотталды.

Ғашық әйелдің айтуынша, ол 2017 жылы Ливерпульдегі HM Prison Altcourse түрмесінде күзет қызметінде жұмыс істеп жүріп, тұтқындардың біріне ғашық болған. Джонс пен Кинг қыз бен жігіт боп жақын сөйлескен. 

Бір күні Кинг түрмеден қашуға бел буып, әйел оған көмектеседі. Қашқын Джонстың үйінде жасырынып, көлігін пайдаланған. Әйел  қашқынды жасырып, ештеңе білмегендей түзеу мекемесінде жұмысын жалғастырды.

Құқық қорғау органдарына белгілі болған кезде Джонс пен Кинг ұрланған көлікке тығылған. Полиция екеуін қамауға алды. Қашқын ер азамат түрмеге оралып, оның мерзіміне қосымша 36 ай қосылған.
Джонс кепілмен босатылды, бірақ 2018 жылдың қазан айында мемлекеттік қызметтегі заңсыз әрекеті үшін сотталды. Оған 15 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Талқылау