Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияның бірнеше аймағын орман өрті шарпыды (видео)

Түркияның Чанаккале, Айдын және Измир провинциялары орман өртіне оранды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN Turk басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ntv.com.tr

Алғашқы өрт Измир провинциясындағы Каражадаг ауылы маңында түскі уақытта басталды. Олар өртті бірден ауадан сөндіруге кірісті. Осыдан кейін Гермиян ауылының жанындағы Чешме курортының аймағында тағы өрт шықты.

Түркия Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, 29 маусымда күннің бірінші жартысында Измирде 16 орман өрті тіркелді.

 

“Өртті сөндіруге авиация, бульдозер және су таситын көліктер жұмылдырылды. Жұмысқа мыңға жуық адам тартылды. Байраклыде аймағындағы үйлер мен екі қонақүй, Селчуктағы муниципалды жануарлар баспанасы эвакуацияланды. Сондай-ақ жел өрттің тұрғын үйлерге таралуына себеп болды”, – делінген хабарламада.

Түркияның Қорғаныс министрлігі өрт сөндірушілерге қолдау көрсету үшін бес тікұшақ жіберді. Қауіпсіздік мақсатында бір ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Грекияда яхта жалдаған қазақстандықтар отшашу арқылы аралды өртеп жіберді деген ақпарат тараған еді. Кейіннен еліміздің Сыртқы істер министрлігі Грекияда орман өртеді деген күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін мәлімдеді. 

Талқылау