Қостанайда ауыл халқы өз қаржысына жол жөндеген: Әкім бұда тұрған ештеңе жоғын айтты

Қостанай облысындағы Московское ауылында тұрғындар көшелердің біріне қиыршық тас төсеу үшін өзара ақша жинап жатыр. Олар кем дегенде бір көшені жөндеп қоймақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауылдағы лайсаң мен терең шалшықтар салдарынан тұрғындар жаз мезгілінде де резеңке етік киюге мәжбүр. Жаңбырлы күндері жағдай одан әрі қиындай түседі: кейбір топырақ жолдарда көліктер, тіпті жедел жәрдем машиналары да батпаққа батып, науқастарға дер кезінде жете алмай қалады.
Алайда жергілікті әкімдік бұл жағдайды шұғыл шешуді қажет ететін мәселе деп есептемейді. Ауылдық округ әкімі Әділхан Мұқанов елді мекендегі жол жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіліп жатқанын айтты.
"Соңғы екі жылда біз ауқымды жұмыс атқардық. Жолдарды жөндеуге аудандық бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді", – деді әкім.
“Наша газета” басылымының мәліметінше, тұрғындар шағымданып, өз қаражатына жөндеуге мәжбүр болып отырған көшелер биылғы жөндеу жоспарына енгізілмеген.