Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Назарбаевтың бастамасымен салынған елдегі бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілді

бас мешіт астана
Фото: religions-congress.org

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы республикалық Бас мешітке "Нұрсұлтан мешіті" атауы берілгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Діни басқармада республикалық Бас мешіт елорданың ғана емес, барша Қазақстан мұсылман жамағатының ортақ рухани ордасы екенін атап өтті.

“Мешіт халық бірлігін нығайтуға, бейбітшілік пен келісімді дәріптеуге, ізгілік пен мейірімділік құндылықтарын насихаттауға, сондай-ақ имандылық пен адамгершілікке негізделген игі бастамаларды қолдауға қызмет етіп келеді. Жаңа атаумен республикалық Бас мешіт алдағы уақытта да халқымыздың рухани өміріне қызмет етіп, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтауға және игі бастамаларды дамытуға үлес қоса береді”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, аталған мешіт экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен салынған еді. Нысан 2022 жылдың тамызында қолданысқа берілді. Сыйымдылығы 30 000 адамға дейін. 

Назархан Уән
Жексенбі, 05 Шілде, 2026 11:28