Түркиядағы жер сілкінісінен көз жұмғандар саны 39,6 мыңнан асты
Түркияның Ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 39 672-ге жеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Сүлеймен Сойлудың айтуынша, табиғат апаты кезінде құлаған 20 мыңнан астам ғимарат орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда іздестіру-құтқару жұмыстарының басым бөлігі аяқталған.
6 ақпанда Кахраманмарашта магнитудасы 7 балдан асатын екі жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі елдің 10 провинциясында, сондай-ақ көршілес мемлекеттерде, соның ішінде Сирияда да сезілді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар