Түркиядағы жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық жоғалып кетті
Түркияда жер сілкінісінен кейін хабарсыз кеткен тағы бір қазақстандық азамат іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Тағы бір Қазақстан азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептелуде. Ол 6 ақпаннан бері байланысқа шықпаған. Тұратын жері - Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің жедел желісіне хабарласқаннан кейін оны іздеу жұмыстарын бастадық. Қазіргі уақытта Қазақстан елшілігінін қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп, оны іздестіріп жатыр. Көршілерінің айтуынша, үй қираған кезде ол іште болған. Жақсы хабар күтудеміз”, - деді Айбек Смадияров.
Жоғалған азамат — Түркияға жұмыс істеуге барған қыз бала екені айтылды. Ал қалған ақпаратты министрлік туыстарының өтініші бойынша жариялай алмайтындарын мәлімдеді.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасы көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"