Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ – Сыртқы істер министрлігі
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Түркиядағы Қазақстан елшісі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасымен байланыста екен.
"Түркия Республикасындағы елшілігіміздің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда Қазақстан азаматтары жер сілкінісіне байланысты көмекке жүгінбеген. Қазір ҚР азаматтары зардап шеккендер көз жұмғандар тізімінде жоқ. Дегенмен қирандылардың көптігіне байланысты құтқару жұмыстары әлі жалғасуда", – деді ол.
Түркия мен Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 500-ден асты
Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті.
Қазақстандық әйел липосакция жасатамын деп өлім аузынан қалды: Оған отаны мейіргер жасаған
Бану: "Оның процедура өткізуге ешқандай рұқсаты болмаған"
Түркістандық шаруалар әлі су тапшылығын көріп отыр: Шенділердің қабылдаған шаралары неге нәтиже бермеді?
Келес ауданындағы Ескіқорған ауылында су тапшылығы жылдан-жылға ушығып барады