Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда үйіндінің астында қалған балаларды құтқару сәтінің видеолары пайда болды

Түрік басылымдары Кахраманмараштағы үйіндінің астынан құтқарылған кішкентай қыздың видеосын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымар жер сілкінісі салдарынан құлаған үйлердің үйінділерінің астында қалған адамдарды құтару барысында түсірілген видеоларды жариялауда. Видеода құлаған тұрғын үйлердің астында көптеген адамдардың қалып қойғанын байқауға болады.

Түркияда құрбандар туралы соңғы мәліметтер: 1541 адам қаза тауып, 9733 адам жарақат алды.

Таңертеңгілік жер сілкінісі магнитудасы (7,7) Түркияда соңғы 100 жылдағы (1939 жылдан бері) ең күшті жер сілкінісі болды, түстен кейін магнитудасы 7-ден асатын тағы бір күшті дүмпу болды. 

Түркия президенті Ердоғанның айтуынша, құрбандардың түпкілікті санын болжау қиын, ол үнемі өсіп келеді.

Жер сілкінісі салдарынан Кахраманмараш (жер сілкінісі болған провинцияның астанасы, суретте), Газиантеп, Диярбакыр қалалары қатты қираған.

Жер сілкіністері Ливияда, Израильде, Арменияда, Иракта сезілді, тіпті Гренландияда да тіркелді.

Ондаған ел Сирия мен Түркияға құтқарушылар мен көмек жіберетінін жариялады. Жақын арада қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер де сонда ұшатын болады.

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 06 Ақпан, 2023 21:24
Талқылау