Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырады: Бір адам қаза тауып, 32 жолаушы зардап шекті
Түркияда туристер мінген автобус апатқа ұшырап, салдарынан бір адам қаза тауып, 32 жолаушы жарақат алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото РИА Новости
Автобус бір күндік турға шыққан.
"Жергілікті тұрғындармен бірге турға шыққан автобус тежегіші істен шығып Акьяк қаласында тұрақтағы үш көлікке соқтығысқан. Автобус үйдің қабырғасына соқтығысқаннан кейін ғана тоқтай алған", — делінген хабарламада.
Апат салдарынан автобустағы қатты соққыдан бірнеше жолаушы ұшып кетті. Тағы бірнешеуі қысылып қалған. 32 азамат зардап шегіп, бір адам қаза тапты. Жаралылар әртүрлі ауруханаларға жатқызылып, оларға көмек көрсетіледі.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар