Туыстары ғашықтарды татуласу кешкі асында зорлап, өлтіріп тастаған

Түркиялық қызды отбасы немере ағасына үйленуге мәжбүрлеген, бірақ ол сүйіктісімен қашып кеткен. Содан кейін отбасы жұпты татуласу кешкі асына шақырған. Алайда арам пиғылды қыздың отбасы қонаққа келген жас жігітті зорлап, екеуін де өлтірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Киршехир қаласындағы Каман ауданындағы Байрамозу ауылында 24 жастағы Вилдан Инче  туыстарының қысымына ұшыраған, оны немере ағасымен неке қиюына мәжбүрлеген. Сүймеген адамына тұрмысқа шыққысы келмеген қыз екі ай бұрын 25 жастағы жігіті Осман Челикпен қашып кеткен.

Қыздың отбасы ғашықтарды іздеп, таба алмаған. Бірақ көп ұзамай жұп ауылдағы жаңа жылдық кешке келген. Сол жерде қыздың отбасы мүшелерімен кезіккен. Олар ғашықтарды татуласу кешкі асына шақырған. Алайда басқосудың орнына жігітті зорлап, жастарды өлтірген. Содан кейін олардың денелерін ауылдың артына көмген.



Полиция күдіктілерді ұстады, олар мәйіттерді қайда жасырғанын айтып, әрекетін мойындады. Мәйіттер табылғаннан кейін кісі өлтіруге байланысты қыздың әкесі, ағасы, немере ағасы, және тағы екі туысы қамауға алынды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр