Түркияда тағы бір жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін - түрік сейсмологі
Түрік сейсмологі Доган Перинчек тағы бір жойқын жер сілкінісі Дарданелл бұғазының жағасындағы портты қала Чанаккале аймағында болуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Sputnik Turkey басылымының мәліметінше, ғалым соңғы 10 күнде Мәрмәр теңізінің сейсмикалық белсенділігінің жоғарылағаны байқалғанын хабарлады.
"Бұл аймақта шамамен 250 жылда бір рет болатын жер сілкінісі шамамен 7 балдық дүмпуді тудырады. Бұл соңғы рет 287 жыл бұрын болған. Уақыт келді, енді кез келген уақытта онда дүмпу басталуы мүмкін", - деді сейсмолог.
Еске салайық, Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 14 мыңнан асты.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған