Түркияда қазақстандық әйелдің денесі табылды
10 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Кахраманмараш қаласында құтқару-іздестіру жұмысы барысында әйелдің денесі табылды. Алматыдан келген туыстары оны Қазақстан азаматы Жанар Жақсыбекова деп таныды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан әйелдің денесін Кахраманмараштан Анталияға және одан әрі Алматыға жеткізуге, сондай-ақ қажет құжаттарды рәсімдеуге көмектескен. Марқұмның денесі Талдықорған қаласына жеткізілген.
"Тасымалдау бойынша барлық шығынды мемлекет өз мойнына алды. Сонымен қатар, Pegasus түрік авиакомпаниясымен қаза тапқан ҚР азаматының бірге келген туыстарына 90 пайыздық жеңілдік беру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді", – делінген хабарламада.
Супермаркеттер желісі қазақстандық өндірістің макарон өнімдерін сөрелеріне қоюдан бас тартты
Сөзінше, Galmart супермаркетінің сатып алу бөлімі қазақстандық тауар премиум сапаға жатпайды деп макарон өнімін алмай қойған
2026 жылы қазақстандық жүргізушілердің айыппұлы қанша болады
Қазақстанда 2026 жылы айлық есептік көрсеткіш 4325 теңгеге өседі