Таиландта қазақстандық әйел көлікпен полициядан қашып, бірнеше апат жасады

Таиландтың Пхукет аралында 30 жастағы қазақстандық әйел апатқа ұшырады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әйел көлікті ретсіз жүргізіп, көліктер мен мотоциклдерге соғылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық әйелдің көлігі әуежай маңында микроавтобус пен мотоциклге соқтығысты. Екі адам жарақат алды.
Жүргізуші дереу тоқтамады. Оқиға орнына полиция келгенде, ол қашып кетуге тырысты. Полиция оны ұстау үшін көліктің терезесін сындыруға мәжбүр болды.
Әйел бұрын да осындай жағдайларға тап болған екен. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның мұндай әрекетіне жеке мәселелері мен эмоциялық күйзеліс себеп болуы мүмкін.
"Сыртқы істер министрлігі Таиландта Қазақстан азаматының ұсталғанынан хабардар. Дипломаттар қабылдаушы елдің құзыретті органдарымен байланыста және қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", – деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық режиссер Парасат Ибраев әлеуметтік желіде танымал рэпер Кисло-Сладкийдің Таиландта жоғалып кеткенін хабарлап, осыған байланысты миграциялық полицияға жүгінген еді. Кейін ол ауруханадан табылды.
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Оқыңыз