Қазақстанның қай өңірлерінде ауа райы салқындайды

Аптап ыстықтан кейін еліміздің солтүстік өңірлерінде ауа райы салқындайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, Қазақстан аумағына циклон ығысып келіп, салдарынан жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай соғып, желдің екпінді күшейеді. Шаңды дауыл дп болуы мүмкін.
Алайда осыдан кейін аптап ыстық басылады. Еліміздің солтүстік және орталық өңірлерінде ауа температурасы +23...+28 градус шамасында болады.
Дегенмен, бұл барлық өңірлерде ыстықтың беті қайтады деген сөз емес. Қазақстанның оңтүстік және шығыс аймақтарына Өзбекстан аумағынан құрғақ әрі жылы ауа массалары үздіксіз жүреді. Соның әсерінен бұл өңірлерде ауа температурасы +33...+38 градусқа дейін сақталып, жекелеген аудандарда өте қатты ыстық болып, сынап бағанасы +40 градусқа дейін жетеді.
Күні кеше Ақтөбеде қатты дауылдан ағаштар құлап, көп үйлерде жарық өшті. Қатты желден ағаштар тамырымен жұлынып кетті, ал қаланың кейбір аудандарында электр қуаты үзілді. Тұрғындар жақындап келе жатқан дауыл туралы ешқандай ескерту алмағандарын айтады.
Оқыңыз