Түркияда аспаннан НЛО-ға ұқсас құбылыс байқалды
Желіде Түркияның Бурса қаласының тұрғындарының күн батқан кезде аспанда пайда болған ерекше бұлттың фотосуреттері тарады. Сирек кездесетін көріністі желі қолданушылары НЛО табақшасымен салыстырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail порталына сілтеме жасап.

"Метеоновости" ақпараттық порталының жетекші маманы Татьяна Позднякова ерекше бұлттың пайда болуын түсіндірді.
"Бұлттар түрлі пішіні болуы мүмкін. Сондықтан табиғат суреттерінен кез келген нәрсені көруге болады. Оның үстіне фотосуреттерді өңдеу мүмкіндіктері де бар. Сондықтан оларға қарап болжам жасау қиын. Тіпті мен де экспедицияларға барғанымда ядролық саңырауқұлаққа ұқсайтын бұлтты көріп, шошығаным есімде", – деді синоптик.
Маманның сөзінше, түріктердің аймағында климаттық ерекшеліктерге байланысты бұлттардың ең ерекше түрлері пайда болуы мүмкін.
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық