Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Қазақстанға су тасқынына байланысты қолдау білдіретінін мәлімдеді

Түркия сыртқы істер министрлігі еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты Қазақстанға қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолыға сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

"Қазақстанның әртүрлі аймағында жойқын су тасқыны  болып, үлкен шығынға ұшыратып, ондаған мың азаматтың эвакуациялануына мәжбүр болған қайғылы жағдай туралы естіп, қабырғамыз қайысты", – делінген түрік сыртқы істер министрлігі мәлімдемесінде.

Ведомство Қазақстан халқы мен үкіметіне көңіл айтты.

Түркия сыртқы істер министрлігі Анкара апаттың салдарын жоюға барлық қажет көмекті көрсетуге дайын екенін атап өтті.

“Жаппай су тасқыны аудандарынан эвакуацияланған Қазақстанның тұрғындарының саны 19 мыңға жуықтады. Бұл туралы республиканың төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады”, – деп жазды Анадолы.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 6 cәуір 13:00-де халыққа үндеуінде биылғы су тасқыны кейінгі 80 жылдағы ең ірі апат екенін айтты. 

Бұған дейін Қырғызстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуге дайындалып жатқанын жазған едік. 

Министрлер кабинетінің төрағасы Бішкектегі жылу электр орталығында апат болғанда Қазақстанның Қырғызстанға көмек қолын созғанын еске алды. 

“Осы кезеңде біз де оларға сұрамаса да гуманитарлық көмек жібереміз. Сонымен қатар мүмкіндікті пайдалана отырып, Өзбекстан, Түрікменстан мен Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының арқасында олар біз сұрағанға дейін көмек қолын созды”, – деді Ақылбек Жапаров. 

 

 

Талқылау