Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия парламенті Швецияның НАТО-ға кіруі туралы заң жобасын мақұлдады

Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінің Бас ассамблеясында Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдайтын заң жобасы қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Anadolu басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Selahattin Sönmez 

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы хаттамаға былтыр қазан айында қол қойған. Парламент Бас ассамблеясы Швецияның Солтүстік Атлантикалық шартқа қосылуы туралы хаттаманы ратификациялауды мақұлдайтын заң жобасын талқылады. Дауыс беру қорытындысы бойынша 346 депутаттың 287 дауысымен ұсыныс заң ретінде қабылданды. 55 депутат қарсы дауыс берсе, төрт депутат қалыс қалды.

Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан Түркия парламентінің шешіміне жауап берді.

"Біз түрік парламентінің Швецияның НАТО-ға кіру өтінішін мақұлдаған дауыс беру нәтижелерін құптаймыз. Бұл президент Байден үшін басым мәселелердің бірі болды", - деді ол.

Германия Түркия Ұлы ұлттық мәжілісінде Швецияның НАТО-ға қосылуы туралы заң жобасының қабылданғанына ризашылығын білдірді.

"Бұл шешім біздің одақты нығайтады. Швеция жақын арада Атлантикалық альянсқа ресми түрде қосылады деп үміттенеміз", - деді канцлер Олаф Шольц.

Швеция премьер-министрі Ульф Кристерссон елдің енді альянстың толыққанды мүшесі болуына бір қадам жақындағанын айтты. НАТО-ға кіру үшін Швеция да Венгрия парламентінен рұқсат алуы керек.

Талқылау