Түркия мен Грекияда жойқын жер сілкінісі болды (видео)
Грекияның Самос аралында жер сілкінісі болды. Афина университетінің сейсмикалық зертханасы магнитудасы 6,8 баллды тіркеді. Жер сілкінісінің күші Түркияда да сезілді.
РИА Новостидің хабарлауынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 13.51-де болған. Зертхананың мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Самостың солтүстік-батысында 24 шақырым жерде, 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі 10 секундқа созылды. Салдарынан бірнеше ғимаратқа зақым келді.
Жер сілкінісі Афинада сезілді. Карловасидегі шіркеудің бір бөлігі жойылды. Оқиғаға байланысты Грекия премьер-министрінің теледидардағы мәлімдемесін кейінге қалдыруға тура келді.
Allahım sen koru #deprem #izmir pic.twitter.com/kcb9gjnNFZ
— Yiğit Morningstar (@yigitbayraktar) October 30, 2020
Сондай-ақ, жер сілкінісі Түркияда да байқалғаны туралы хабарланды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жер сілкінісінің эпицентрі Сеферихисар қаласының ауданында болған. Түркияның батысындағы Измирдегі күшті жер сілкінісінен кем дегенде төрт адам қаза тауып, 120 адам жарақат алды, деп хабарлады төтенше жағдайлар және апаттар агенттігі.
Измир провинциясында қираған жерлер бар екені хабарланды. Жергілікті телеарналар жер сілкінісі Сеферихисар қаласының жағалауындағы көшелерді су басып, кішігірім цунами тудырды деп хабарлайды.
Life мәліметтері бойынша жер сілкінісі 6,9 балл болған. Кем дегенде 20 үйге зақым келгені хабарланды.
Σαμος τώρα #σεισμός pic.twitter.com/Xaoc56KJ6v
— 2ΝΥΣΗΣ Χ.® (@dionisischal) October 30, 2020
Айта кету керек, Самос Эгей теңізінде орналасқан, сол теңіздің жағасында Измир провинциясы бар.
ТАСС хабарлағандай, Измир тұрғындары үйінділердің арасынан адамдарды құтқаруға қатысты. Жергілікті теледидардан тікелей эфирде адамдар құтқарушылармен бірге қалада тірі қалғандарды табуға тырысқаны көрсетілген. Борнова аймағында үйінді астынан бір әйел көптің күшімен құтқарылды.