Түркияның шығыс бөлігінде жер сілкінді
2025 жылы 9 сәуірде Мәскеу уақытымен сағат 6:09-да Түркияның шығысында 4,2 магнитудалық жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pexels.com
Жер сілкінісінің ошақ координаты – 39,968. Ол 100 мыңнан астам халқы бар Эрзинджан қаласынан 27 шақырым жерде.
Жерасты дүмпуінің ошағы 5 шақырым тереңдікте орналасқаны белгілі болды. Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару агенттігінің мәліметінше, зардап шеккендер мен ғимараттардың қирағаны туралы мәлімет жоқ.
Бұған дейін Қытай сейсмологтары Азияда қарқынды жер сілкінісі қаупі барын ескерткен еді.
20 жастағы қазақстандық қызды бұрынғы жігіті қатыгездікпен өлтірді деп айыпталды: Оқиғаның мән-жайы айтылды
Абай облысында жігіт қызға 12 рет пышақ сұғып, бірнеше рет басынан соққы жасаған
Бір оқушыға 150 мың теңге: 2026 жылы Қазақстанда баланы мектепке дайындау қанша болады
Мектепке дайындық: балаларға арналған киім кешектер мен жарақтардың бағасы қанша?