Түркістанда көгалдарды жасыл түске бояды: Қала әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді
Әлеуметтік желіде Түркістандағы көгалдар мен ағаштарды "бояп" жатқаны түсірілген видео тарады. Жергілікті тұрғындар шенеуніктер осылайша Елбасының келуіне дайындалып жатыр деп болжады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме беріп хабарлайды.
Айта кетейік, күні кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға келді.
Ал қала әкімдігі желіде тараған видеоға түсініктеме берді. Әкімдіктегілердің сөзінше, көгалдар боялмаған, арнайы минералды тыңайтқыштарды сепкен.
Минералды тыңайтқыш ерітіндісінің жасыл түсі маркер ретінде қажет. Қолданған кезде өңделген аймақтар көрінеді. Бұл ретте ерітіндінің ешбір зияны жоқ екенін атап өтті.
Бірақ мердігердің жұмысында бәрібір бұзушылықтар табылды және айыппұл салуы мүмкін.
"Бұл минералды тыңайтқыштарды қолдану процесі. Көгалдар мен жәндіктерге ешқандай зиян болмайды. Бірақ видеода адамның жұмысты дұрыс істемегені көрінеді. Үстіңгі қабатты су ерітіндісін бүрку арқылы жасау керек. Мердігер технологияны бұзған", - деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Жанерке Жарылқасын.