Түркістанда дәрігерлер шала туған үшемнің өмірін сақтап қалды
Түркістанда облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері небәрі 1,5 кг салмақпен туған нәрестелерді 40 күн бойы күтіп, жетілдіріп барып, бүгін перзентханадан шығарып салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігерлердің айтуынша, жүктіліктің 32 –ші аптасында әйелге жедел ота жасауға тура келген. Мерзімінен бұрын дүниеге келген үш нәресте бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатқан. Өкпесі дұрыс дамымай туылған нәрестелердің үшеуі бірдей жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. №3 облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлерінің қатаң бақылауында болған нәрестелердің әрқайсысы осы уақыт ішінде бір келіден салмақ қосқан.
"10 наурыз күні үшем дүниеге келді. Енді дүниеге келгенде нәрестелердің өкпесі дұрыс дамымай ЖТА-апаратында жатты. Кейін 10 күннен соң жан сақтау бөлімінен ауыстырылды. Алғашқыда салмақтары – 1 кг 480 г, 1кг 180г және 1 кг 460 болды. Бүгінде сәбилердің денсаулығы жақсы", – дейді №3 Облыстық перинаталдық орталығының сарапшы дәрігері Гульайша Ерназарова.
Жас отбасы Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Қарашық ауылының тұрғындары. Алғаш рет ана атанған Динара Мухитованың жақындары бүлдүршіндірге Хадиша, Фатима, Захра есімдерін берген. Жас отбасы шала туған шақалақтарының өмірін арашалап қалған ақ халаттыларға айтар алғысы шексіз.