Түркістанда білім беру саласында жаңа тәсілдерді енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев білім саласына қатысты тың идеялармен келген топпен кездесті.
Топ құрамында баспагер Гаухар Саймасаева, TopIQ IT компаниясының басшысы Анель Баталова, Әбілхан Қастеевтің немересі, суретші-монументалист, "Мәңгілік және әрқашан жаңа Түркістан" кітап-альбомы суретшісі Дәурен Қастеев болды. Кездесуде білім беру саласын дамытуға бағытталған жаңа бастамалар мен инновациялық жобалар талқыланды.

Кездесу барысында "TopIQ: Smart Class 2.0" жобасының мүмкіндіктері таныстырылды. Аталған жоба оқушылардың білім сапасын арттыруға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге, оқу процесін дараландыруға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға бағытталған.

Кездесу қорытындысында тараптар білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға уағдаласты.
Қазақстандықтар Pinduoduo-дан дәретхана қағазына дейін алатын болған: Бұл отандық кәсіпкерлерге қалай әсер етеді
Қазақстандықтар шетелдік платформада жергілікті дүкендерден қарағанда тауарлар әлдеқайда арзан екенін айтып жүр
Бір бренд, бірақ Қазақстанда әлдеқайда қымбат: Zara, Adidas және Massimo Dutti тауарлары үшін неге артық төлейміз
Еуропалық брендтердің тауарлары Қазақстанда неге қымбат?