Түркістан облысының әкімдігі: Арыстағы оқиғадан қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетіледі
Түркістан облысының әкімдігі Арыстағы оқиғадан қайтыс болған баланың отбасына көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әімшілік Нұр-Сұлтан қаласынан баланың денесін жерлейтін жерге дейін алып келуді өз мойнына алды. Сонымен қатар, жерлеу жұмыстарын жүргізу ұйымдастырылып, қайтыс болған баланың отбасына қаржылай көмек көрсетілетін болады", - дейді Сәкен Қалмаханов.
Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтандағы №2 балалар ауруханасында Арыс қаласындағы жарылыстан кейін келген 8 жасар бала қайтыс болды. Аян Шәріпбаев есімді бала 2 тамыз күні сағат 9.20-да көз жұмған. Ол бір ай бойы комада жатқан болатын.
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған