Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бір ай комада жатқан: Арыстағы оқиғадан зардап шеккен 8 жасар бала көз жұмды

Арыстағы оқиғадан зардап шеккен 8 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Нұр-Сұлтандағы №2  балалар ауруханасында Арыс қаласынан келген 8 жасар бала қайтыс болды. Аян Шәріпбаев есімді бала 2 тамыз күні сағат 9.20-да көз жұмған.

Осымен Арыс қаласындағы жарылыстан зардап шеккендердің саны 4 адамға жетті. 

Нұр-Сұлтандағы сегіз жасар баланың жағдайы дәрігерлердің алаңдаушылығын тудырған. Ол бір айға жуық уақыт бойы комада жатып, көз жұмды. Аян Шәріпбаевты емдеуге шетелден келген мамандар жұмылдырылса да, баланы құтқарып ала алмаған.

"Біз оны бірнеше рет тексердік. Оған қоса, Ресейден келген мамандармен кеңесіп отырмыз. Біздің жетекші нейрохирургтар қарап жатыр. Өкінішке орай, оң нәтиже жоқ. Баланың жағдайы өте ауыр. Біз барлық күш-жігерімізді салып жатырмыз, мен бұл туралы күн сайын ақпарат алып отырамын", - деген еді  денсаулық сақтау министрі осыған дейін. 

Арыстағы жарылыстардың салдарынан шамамен 409 адам медициналық көмекке жүгінді, олардың 80-і ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Арыс қаласындағы жарылыс салдарынан зардап шеккен екі баланың жағдайын тексеріп, оларды елордаға санитарлық авияциямен жеткізген болатын.

Талқылау