Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысы Шорнақ ауылындағы жанжалға байланысты полиция түсініктеме берді

Түркістан облысы Шорнақ кенті тұрғындарының арасындағы жанжалға полиция түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі өңірдегі полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

шымкент

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 21 шілдеде Түркістан облысы Шорнақ ауылы тұрғындары арасында жалжал орын алды. Полиция мәліметтеріне сәйкес, қақтығысқа қатысушылардың бірінің үйіне шабуыл жасалғаннан кейін белгісіз біреулер келіп, оның үйі мен туыстарының үйлеріне тас лақтыра бастапты.

Сол кезде оқиға орнына Кентау қаласының полиция инспекторы бірінші болып келеді. Бірақ жарақат алып қалады. Әлеуметтік желілерде осы полицейдің беті мен киімі қан болып тұрған видеосы тарап кеткен еді. 

"Ол жанжалдың тоқтауы үшін қажетті шараларды қолданған. Алған жарақатына және тұрғындардың қарсылығына қарамастан, полиция қызметкері күш пен атыс қаруын қолданбаған. Дене жарақатын учаскелік инспектор мен үш ауыл тұрғыны алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Кейін әлеуметтік желілерде жол бойында адамдар мен автокөліктердің шоғырланып тұрғанын түсірген кадрлар пайда болды. Жазба авторлары видеоның Шорнақ ауылында түсірілгенін хабарлайды.

Полицияның мәлімдеуінше, келесі күні ауылда арандатушылар жиналып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарын заңға қайшы әрекеттер жасауға үгіттеген.

"Бұл оқиғаны полиция қызметкерлері бірден тоқтатты. Қазіргі уақытта кенттегі жағдай тұрақты. Ауыл тұрғындарымен облыс әкімдігі кездесті. Жүргізілген іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері төрт азаматты анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Бұзақылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Талқылау