Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысындағы су тасқыны: Көктен түсірілген видео жарияланды

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Өзбекстандағы бөгет жарылу саладарынан төтенше жағдай жарияланды. Ұшақтың үстінен түсірілген көрініс бейнеленген видео жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, 1 мамыр күні Сардоба су қоймасы бөгетінің шайылуы салдарынан Өзбекстанның Сырдария облысындағы елді мекен су астында қалды. Облыс басшылығының шешімімен су қоймасында су мөлшерін азайту жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының бірнеше шекара маңындағы коллекторларға су толып кеткен. Алқаптарды басқан су, елді мекендерге жақындай бастады. Түнде төрт кенттен 5400 тұрғын эвакуацияланды: Жеңіс, Жаңатұрмыс, Сардоба және Нұрлы Жол.

"Біз жағдайды бақылауда ұстаймыз, жан-жақтан тексердік. Егер су ағыны бәсеңдесе, адамдарды эвакуациялаудың негізі жоқ,  алайда су ағыны өсетін болса, онда біз барлық адамды, малды ұйымдасқан түрде шығарып, мүлікті сақтауға тырысамыз. Ол үшін жақын маңдағы Сарыағаш, Келес, Шардара және Жетісай аудандарынан күштер жұмылдырылды. Әр аудан жеке елді мекенмен айналысатын болады. Барлық әкімдерге тізімдерді қалыптастыру, түсіндіру жұмыстарын жүргізу және тұрғындарды мүмкін болатын эвакуациялауға дайындау, бірақ тек команда бойынша тапсырма берілді. Ең бастысы-тыныштық сақтау. Жағдай күрделі, бірақ біз оны бақылауда ұстаймыз", - деді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.

Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб Мырзакент кентінде құрылған, онда жағдайды мұқият қадағалайтын барлық қажетті қызметтер жиналған, су басу қаупі жойылып, жағдайға қалыпқа келгенде эвакуацияланған кенттердің тұрғындарына кері қайтуға көмектесетін болады.

Талқылау