Түркістан облысында жол апатынан төрт адам опат болды
Түркістан облысында сұмдық жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

28 мамыр шамамен сағат 14:30-да Жетісай-Шардара автожолының 8 шақырымы Кетебай ауылының бойында “Нексия” және “Лада-Vesta” маркалы екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысты.
Аталған жол-көлік оқиғасы салдарынан “Нексия” және “Лада-Vesta” көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы және “Лада-Vesta” көлігінің бір жолаушысы қаза тапты.
"Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы болған жерде Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеуде. ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы (жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды", - делінген ресми хабарламада.
Полиция қызметкерлері оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатыр.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салаттар, әртүрлі ассорти, стейктер, жемістер мен десерттер қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар