Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында жоғалып кеткен тағы бір студенттің мәйіті табылды

Бүгін құтқарушылар Сайрам-Өгем шатқалында Түркістан облысының тауларында жоғалып кеткен студенттердің бірінің денесін тапты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"12 маусымда Сайрам-Өгем шатқалынан тағы бір мәйіт табылды. Зерттеулер кезінде Түркістан облысының Мақпалсай шатқалында Өгем өзенінің сол жағындағы көпірден Азартеке жотасына дейінгі бағытта республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті тапты ", – деді Уәли.

Оның айтуынша, шатқал теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан.

Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Марқұмның жеке басын анықтау үшін мәйіт сараптамаға жіберіледі.

Іздеу жұмыстары сегіз бағытта жүргізіліп жатыр және жалғасады.

Естеріңізге сала кетейік, Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жеті адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама 25 мамырда кешке келіп түсті. Белгілі болғандай, 21 мамырда туристер Сары-Айғыр шатқалына жаяу барған және 24 мамырда қайтуы керек болған. Жоғалғандардың үшеуі аман-сау табылған.

Кейін тағы екі адамның денесі табылды.

Талқылау