Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында терроризмді насихаттады деген күдікпен 4 азамат ұсталды

26 маусымда Түркістан облысында ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдары және ішкі істер министрлігі бірлесе отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметі

Агенттіктің дерегінше, ұсталғандардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған және радикалды діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.

Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі (Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне (Жерге заттай құқықтарды бұзу) сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік қызметі


  • Астанада Керуен кешеніндегі теракт үшін мектеп оқушысы миллион теңге ұсынған

Еске салайық, 22 мамырда ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полицияның көмегімен терроризмді насихаттаған Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстағанын жаздық. Мәліметтерге сүйенсек, ер адам терроризмді насихаттады деп күдікке ілініп отыр. Тергеу әрекеттері барысында заттай дәлелдемелер алынды.

Талқылау