Түркістан облысында тау шаңғысы курорты салынады
Түркістан облысында тау шаңғысы курортын салу идеясы қайта қарастырылып жатыр. Жоспар 6 жылдан бері талқылануда. Бұл туралы "Хабар 24" телеарнасының сюжетінде айтылған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Толық ауқымды жұмыс енді келесі жылы басталады деп жоспарланып отыр. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың беткейлерінде шаңғы трассалары, көтергіштер, қонақ үйлер салынбақ.
Курорттың жалпы ауданы - 280 гектар. Жұмыс жалпы 25 миллиард теңгеге жуық (қазіргі бағам бойынша шамамен 60 миллион доллар) қаржыны қажет етеді.
Қаражаттың басым бөлігі - инвесторлардың салымы. Бірақ әкімдік әзірге бұл жобаға кімнің нақты қызығушылық білдіргенін жариялаған жоқ.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар