Түркістан облысында полицейлерге пара бермек болған шетелдік ұсталды
Түркістан облысы Жетісай қаласында Өзбекстан азаматы полиция қызметкеріне пара беруге тырысты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жетісай қаласының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған "Ауди" маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Полицейлер жүргізушіге қатысты ЖҚЕ бұзғаны және тиісті құжаттарсыз автокөлікті басқарғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыра бастаған. Осы уақытта тәртіп бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылмау мақсатында полиция қызметкеріне 10 мың теңге пара ұсынған. Аталған жайт видеоға түсіп қалған.
Тәртіп сақшылары күдіктіні сол жерде ұстап, Жетісай ауданының полиция бөлімшесіне алып барған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің "Пара беру" бабы бойынша тергеу басталды.
Күдікті өз әрекетін мойындады. Айғақты заттар тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр