Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмды
Түркістан облысында пневмониядан 46 адам көз жұмды. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Облыста денсаулық сақтау саласында 17 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олардың жұмысы қазір күрделі және қауіпті, қиын. Олар өздері және жеке мүддесі туралы ойламай эпидемиямен күресіп жатыр, бұл үшін оларға үлкен алғысымды білдіремін. Облыс бойынша барлығы 132 медицина қызметкері ауырып, оның 24-і емделді. Өкінішке қарай, 5 дәрігер пневмониядан қаза болды", - деді облыс әкімі тікелей эфирде.
Оның мәліметінше, Түркістан обпневмониямен ауырғандардың саны 5 421-ге жеттілысында 130-дан астам дәрігер коронавирус жұқтырған.
"Бүгінгі таңда облыста , оның 2 933-і немесе 54 пайызы емделді. Өкінішке қарай, коронавирустан 11 адам, пневмониядан 46 адам көз жұмды", – деді Шөкеев.
Өңір басшысы туған-туысқандарынан айырылып қалған отбасыларға көңіл айтты.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді
Назгүл Тұрысбекованың сөзінше, олар құжаттарын ғана алып, қауіпсіз жерге шығуға мәжбүр болған
Ормуз бұғазының жабылуы, мұнай бағасының өсуі: Таяу Шығыстағы соғыс Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
Қаржыгер Айбар Олжайдың айтуынша, Ормуз бұғазы ұзақ мерзімге жабылмайды