Түркістан облысында мәтінді ежіктеп оқыған ұстаз көптің талқысына түсті
Түркістан облысы Сарыағаш ауданының білім беру бөлімінің өкілдері желіде мәтінді ежіктеп оқып отырған орыс тілі мен әдебиеті пәнінінің мұғалімі туралы түсініктеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Мектеп ұстазы қазақ-тәжік мектебінде сабақ беретін көрінеді. Ол екі жыл бұрын жұмысқа орналасыпты. Аталған жұмыс орнына тек бір адам ғана түйіндеме жібергендіктен ұстаз жұмысқа қабылданған.
"2019 жылы 1 сәуір күні ол жұмысқа орналасу үшін тест тапсыруға тіркелген. Бірінші кезеңнен 53 балл жинаған. Тесттің алғашқы сатысынан өту үшін 50 балл жинау қажет. Екінші кезеңнен 18 балл иеленген. 2019 жылы 2 мамырда ол жұмысқа қабылданды", - делінген ресми хабарламада.
1 наурыздан бастан ұстаз декреттік демалысқа шығып кеткен.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”