Түркістан облысында мал базарында қалта ұрысын адамдар жабылып соққыға жықты
Түркістан облысының Сайрам ауданында бірнеше адамға қатысты полиция тергеу жұмыстарын бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Олар топ болып бір адамды соққының астына алған. Telegram-каналдарда аталған оқиғаның видеосы тарады. Куәгерлердің сөзінше, соққыға жығылған ер азамат қалта ұрысы болып шыққан. Ұрлық үстінде ұсталған оны сол маңдағы адамдар жабылып ұрып, жазаламақ болған.
"Оқиға орнына сол маңға жақын жүрген полицейлер жіберілді. Олар бір адамға жабылған бірнеше ер адамды ұстады. Бәрі де полиция бөлімшесіне жеткізіліп, сұралып жатыр", – деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Ұрлық жасады деген адамның үстінен полицияға ешкім арыз түсірмеген.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”