Түркістан облысында көп балалы әке мас болып, су басқан аймақтан отбасын алып шыға алмаған
Түркістан облысы полицейлері Мақтарал ауданы Мырзакент кентіндегі алты адамнан тұратын отбасы су басу қауіпі бар аймақта қалып қойғанын байқаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мақтарал ауданындағы бірнеше ауылды су басқан соң, тәртіп сақшылары Мырзакент кентінің тұрғындарын көшіруге көмек көрсеткен.
"Үйлерді аралау барысында тәртіп сақшылары үйлердің бірінде алты адамнан тұратын отбасы қалғанын байқады. Белгілі болғандай, үй иесі мас күйінде көліктің руліне отыра алмаған", - деп жазды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері патрульдік көлікпен жергілікті тұрғынды, оның 4 баласы мен әйелін қауіпсіз аймаққа апарып, жақын маңдағы эвакуациялық пунктке дейін жеткізетін автобусқа отырғызған.
Алматыдан Балиге дейін велосипедпен жеткен қазақстандық жұп 10 айлық сапары туралы айтып берді
Алина: "Таиландта бізді тонауға тырысты, Қытайда балшық үйде тұратын адамдармен кезіктік"
100 жылқыны ұрлады деп жала жабылған ақтөбелік қария жалғыз үйінен айырылуы мүмкін
“100 жылқым жоғалды” деген қожайыны 60 жастағы азаматты екі бірдей сотқа сүйреп, мойнына 10 миллион теңге қарыз ілген