Түркістан облысында қызғаншақ күйеуі әйелін темір іш киім киюге мәжбүрлеген
Түркістан облысындағы Жібек жолы ауылында ер адам қызғаныштан әйелін темірден жасалған іш киім киюге мәжбүрлеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Otyrar басылымына сілтеме жасап.

Жағаұстатарлық жағдай туралы Сарыағаш ауданы әлеуметтік-психиологиялық қамсыздандыру қызметінің меңгерушісі Марат Тарақтиев айтты. Сөзінше, ер адам әйеліне сенбегені сонша, ұрып қана қоймай, сымтемірден іш киім жасаған. Әйелі түнгі ауысымға жұмысқа шыққанда темір іш киімді киюге мәжбүрлеген. Ал үйіне оралған соң шешіп, жарын тексерген.
Марат Тарақтиев Сарыағаш ауданында 88 тұрғынның тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын айтады. Олардың 74-і әйел болса, 14-і ер адам. Ал Жібек жолы ауылдық округінде 15 әйел ауруханаға түскен.
2026 жылдан бастап доллар бағасы мен инфляция қалай өзгереді – Экономистер болжам жасады
Салық пен айыппұл өсіп, қымбатшылық басталады: 2026 жылдан бастап Қазақстанда не өзгереді?
70 жастағы зейнеткердің зейнетақысы 2025 жылы 171 588 теңге болса, 2026 жылдан бастап ол 192 816 теңгеге дейін көтеріледі