Түркістан облысында қару алып қашқан сарбаз ұсталды
Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 атыс қаруын ұрлап қашқан сарбаз ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Сарбазды ұстау операциясын ІІМ мен ҰҚК арнайы жедел тобы бірігіп жүргізген.
«Бүгін әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан 1995 жылы туған Абылай Балғынбай ұсталды. Қаруды ұрлау фактісі бойынша ҚР ҚК 291 бабы бойынша тергеу жүріп жатыр», - деді ІІМ өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін әлеуметтік желілерде Абылай Балғынбай есімді сарбаздың Ордабасы ауданы Бадам станциясы маңындағы әскери бөлімнен 30 АК-74 автоматын, 27 ПМ тапаншасын, 400 дана 5,45 оғын алып қашқаны туралы ақпарат тарады. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі растаған.
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды
Қазақстанда ата-аналар Мұғалімдер күніне сыйлық алуға ақша жинап жатыр: Оқу-ағарту министрлігі не дейді
Ведомство әр адамға өз ұстазына алғыс айтып, видеомен құттықтауды ұсынды