Түркістан облысында ер адам кәуапқа арналған 70 келі етті ұрлап кеткен
Түркістан облысы Кентау қаласында тұрғын полицияға арыз түсіріп, мейрамхананың асүйінен 70 келі еттің ұрланғанын мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қоңыраудан кейін оқиға орнына келген полицейлер шұғыл-іздестіру жұмыстарын өткізген. Келтірілген шығын көлемі 150 мың теңге. Бейне бақылау камерасындағы жазбаларды тексеріп, куәгерлерден жауап алынған соң күдікті қолға түскен.
Анықталғандай, ер адам мейрамханада жұмыс істеген. Өзге адамдардың жоқ екенін пайдаланған ол таңғы 04:00 шамасында кәуапқа арналған етті алып кетіп қалған. Кейін етті танысының үйінде жасырған. Қазір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы "Ұрлық" бойынша іс қозғалды. Күдікті бұған дейін де істі болған.
Қазақстандық ер адам егіз қызы мен ұлын зорлады деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке жете алмай жүр
Қылмыстық іс 6 рет тоқтатылған екен
"Көзқарастары ескі, жас мамандарды төмендетеді": Қазақстандық жас мұғалімдер үлкен буынмен жұмыс істеудің қиындығын айтты
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді